Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Түпқарағандық волонтерлер үздіктер қатарында

Еріктілер жылында аудан еріктілерінің атқарған жұмыстары туралы «Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.Бултенова атқарылған жұмыстарымен таныстырды. Сонымен қатар ерікті жастар атынан «Ізгі жүрек» қоғамдық қорының директоры Сабанов Қуанышбек және «Түпқараған қайырымды жандар» еріктілер тобының жетекшісі Амалхан Мұрат өз жұмыстарымен бөлісті.

Жиын барысында волонтерлік қызметтің дамуына үлес қосып, сондай-ақ пандемия кезінде жағдайы төмен отбасыларға маска, азық-түліктер табыстап, рейд жүргізіп, кислород тасып, дизенфекция жасап, ақпараттық парақша таратып ерекше көзге түскен ерікті жастар мен қайырымдылық ұйымдарға Маңғыстау облысы әкімінің және Түпқараған аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар табысталды.

Волонтерлікті дамытуға үлес қосқан Түпқараған аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Бултенова Гүлшат Айтбайқызы Қазақстан «Халық алғысы» медалімен марапатталса, аудан көлемінде өз үлесін қоса білген, ерекше көзге түскен Түпқараған қайырымды жандары» еріктілер тобының жетекшісі Мұрат Амалхан Маңғыстау облысының волонтерлік қызметіне қосқан үлесі үшін «Volunteer Corps Awards» өңірлік сыйлығының «Жыл белсендісі» атанды.

ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

0
0
166

Осы тақырып бойынша

Түпқарағандық волонтерлер үздіктер қатарында - Yvision.kz