Түпқараған ауданы бойынша партияның сайлау алды 7 басым бағыттары
⠀
Сайлауға санаулы күндер қалды. Осыған сәйкес сіздерге Түпқараған ауданы бойынша партияның сайлау алды 7 басым бағыттарын таныстыратын боламын.
⠀
«Nur Otan» партиясы Түпқараған ауданы бойынша дамытудың осы 7 басым бағыты өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.
⠀
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау.
⠀
Бағдарламада қарастырылған басты мақсаттар төмендегідей:
⠀
⁃ Жұмыс істеп тұрған мұнай кен орындарының жұмыс істеуі және оларды кеңейту арқылы мұнай өндіру көлемін жыл сайын сақтауды қамтамасыз етуге.
⁃ 2020 жылдың аяғынан бастап «Тоталь Е энд П Дунга Гмбх» компаниясымен Дунга кен орнында «Дунга фаза 3» жобасын іске асыруға.
⁃ Таушық ауылынан шебін карьерін (қуаты тәулігіне 400 тонна) жобасын іске асыруды
⁃ Баутин теңіз жағалауында орналасқан ірі компаниялардың «HKOK», «Теңіз Сервис» және «Балықшы» ЖШС-тің мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, теңіз транспорттық-логистиканы және аудан өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттырамыз.
⁃ 2021 жылы Баутин аймағында жүк түсіру, тасымалдау жобасын іске асыруға;
⁃ 2021 жылы Қаражанбас кен орнына тәулігіне 17 000 текше метр су тұщыту зауытын іске қосуға;
⁃ 2021-2025 жыл аралығында қолданыстағы 5 кенорындарының (Дунга, Қаражанбас, Физтех, Бозашы, Жалғызтөбе) қалыпты жұмыс жасауларын қамтамасыз етуге;
⁃ 2023 жылы Бозашы кен орнынан жаңа 200 мұнай өндіру ұнғымаларын бұрғылау арқылы, аудан бойынша мұнай көлемін 5%-ға арттыруға;
#NurOtan #Bizbirgemiz
