Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Түнгі ой))

Осы бір арнайы журналистикада оқымағаннан кейін, математиканы жақсы көріп, (программист) бағдарламашы болғаннан кейін, әңгімелерді деп айтсам болатын шығар, жазбаяқ қойсам деймін. Сол шыдап жүрдім, бірақ бүгін кеудеге сыймай кеткен дүниелерді осы жақа түсірмесем, кімге айтамын? Күнделікке жазушы едім, бірақ қаламсаппен жазғаннан көрі, пернетақтамен жазғаным жылдам болар.

Қазір түнгі 1:30 шамасы болып қалды. Дала тып-тыныш, үрген ит пен, шақырған әтештің даусынан бөлек, судың тамшылағаны, менің пернетақтаны басқан дыбыстар шығып жатыр.

Есейген кезде шешімнің бәрін өзім қабылдаймын, билік өз қолымда болады деп ойлаушы едім. Бірақ есейсек те әке-шеше шешіміне қарсы шыға алмайды екенсің. Оны қойып,  атаң мен апаңның бір шыққан шешімдерінен кейін тіпті бір ауыз әріп те айта алмай қаласың. Бұны не үшін жазып жатыр дейсіздерғой... Себебі, биыл университетті бітірдім. Осы төрт жылда басқа студенттер сияқты бір артық қыдырып көрмеппін. Алматыда тұрсамда өз көшемнен басқа жерлерді білмеймін. Студент болғаннан кейін туған күн, группамен қыдыру деген сияқтылар болып тұрады. Сол кезде группамыздың барлығы қыдырып бірге жүргенде, мен үйде отырамын. Барлығы маған өкпесін білдіреді. Ата анам "жоқ!" , "бармайсын!", "үйде отыр, сабағыңды оқып", "емтиханыңа дайындал!", "жұмыстарыңды бітір!" деп жатса не дейсің енді. Группамен емтиханға дайындалғанда, университетке қатысты іс шара болса оларға жібереді. Ал былай бөлек қыдыруға түк бір қолдамайдығой. "Бір нәрсеге ұрынасың", "Қазір адамға адам сенетін заман емес", "Хабарлардан қаншама қыздардың жоқ боп кеткенін көріп жатырсыңғой", "Оданда сол уақытта өзге тіл үйрен", "Еңбек істе" т.б. айтатын ақылдары көп.  Бұрында бұрқырап, ашуланып, жылап алушы едім. Әзір үйреніп қалдым. Алайда, бәрі бір группадан қалғаннан кейін кеудеңде бір ауыр зіл пайда болады екен. Бүгінде сол ертең соңғы рет группаластарым бірге тауға шығайын деп жатыр. Ал мені тағы да жібермеді -алдағы емтиханыңа дайындал, күнің бітіп бара жатқан жоққой, деп. Бір шетінен достарыммен, құрбыларыммен қатты барғым келіп отыр, бір шетінен ата-анамды ренжіткім келіп тұрған жоқ, тағы қарсы шығып, қаhарларына қалмайын деп... Сомен солай. Қысқасы, мен үлкейсем де әлі өзім шешім шығара алмайтын адаммын =((

Қазір жүз рет ойланып, толғанып отырсам да ата-анамның шешімі өзгермейді. Құр уақыт кетіріп, жылағым келіп отырғанша, сабырға келіп, кітабымды оқиын.

Төрт жылда атамның шығарған қорытындысы "мыжымасыңғой". Мыжыма емеспін, елдің көңіліне көп қараймын. Ана жақты да, мына жақты да ренжіткім келмейді. Өзімнің жүрегіме жаным ашиды, байқұс ішкі жан дүнием басқалар үшін, өз шешімін құрбан етіп, тұншыға береді.

 
2
0
968

Осы тақырып бойынша

Түнгі ой)) - Yvision.kz