Төлеби ауданының мәслихат депутаты Құлышев Нұргелді Өсербайұлы бүгін аудан тұрғындарын қабылдады.
«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес, Төлеби ауданының мәслихат депутаты Құлышев Нұргелді Өсербайұлы бүгін аудан тұрғындарын қабылдады.
Қоғамдық қабылдауға партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қансеитов қатысты.
Қабылдауға келген Ленгір қаласы, «Солтүстік» мөлтек ауданының тұрғындары Гүлдария Амангелдиева, Мирамкүл Ешпанова мен Гүлмира Жақсылық асфальт төсеу және көшені жарықтандыру мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудандық мәслихат депутаты
Нұргелді Құлышев Ленгір қалалық әкімшілігінің коммуналдық сектордың бас маманы Сеитбеков Төлеби Нұрланұлымен бірге аталмыш мәселе бойынша «Солтүстік» мөлтек ауданына барып, мән-жайды анықтады. Н.Құлышев өтініш білдірген азаматшаларға мөлтек аудан көшелеріндегі ескі электр бағаналарын ауыстыру және асфальт төсеу мәселелері алдағы уақытта шешілетінін, осыған байланысты ағымдағы жылда аудандық бюджет есебінен қаржы қарастырылғандығын жеткізді.
Сонымен қатар, қабылдауға келген Ленгір қаласы, «Қазығұрт» мөлтек ауданы, 2-көше, №12 үй тұрғыны Кубеев Садық Тойманұлының электр қуаты төмендігіне, балалар ойын алаңшасының қажеттілігіне және жер телімінің берілуіне байланысты мәселелері тыңдалып, заң аясында жауап берілді.
