Төлеби ауданы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңес мүшелерінің этномәдени бірлестік мүшелерімен кездесу.
Төлеби ауданы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңес мүшелерінің этномәдени бірлестік мүшелерімен этносаралық келісім мен бірлікті нығайту бойынша онлайн кездесу.
«Бірлік түбі – береке!» - деген бабаларымыз. Қазіргі таңда елімізде 130 – ға тарта өзге ұлт өкілдері мекен етіп келеді. Осы орайда сол ұлттардың бірлігін нығайту, ұлтаралық татулықты және отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандағы ұлттық – мәдени орталық өкілдерімен және Cаяси кеңес мүшелерінің қатысуымен арнайы ZOOM платформасында онлайн (online) жиналыс өткізілді. Жиын барысында ұлттардың бірлігін нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыс мәселесі жайында қысқаша баяндама жасалып, жиналысқа қатысушылар тарапынан шешімін таппай жүрген өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.
