Төл теңгемізге 27 жыл
Бүгін Қазақстан тәуелсіздігінің айғағы – Ұлттық валюта күні. Осыдан тура 27 жыл бұрын төл теңгеміз айналымға еніп, ұлттық валютаның тарихы басталған еді.
Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алады. Арада үш күн өткенде, 15 қарашада ел аумағындағы жаңа сауда-саттық жасау құралы ретінде төл теңге қолданысқа енді.
Ескі үлгідегі ақшаларды Қазақстанның жаңа теңгесіне айырбастау 20 қараша күні аяқталды. Айналымнан жалпы сомасы 950 миллиард рубль алынып тасталды. Ұлттық валюта ұлттық экономикамыздың іргетасын қалауға ықпал етті.
Баршаңызды атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!!!
* * *
Сегодня День национальной валюты — тенге и профессиональный праздник работников финансовой системы страны отмечают в Казахстане, согласно Закону «О праздниках в Республике Казахстан».
Казахстанский тенге (Қазақстан теңгесі) — национальная валюта Казахстана. На купюрах и монетах принято обозначение «тенге» (казах. теңге). Это название происходит от средневековых тюркских серебряных монет «денге» или «таньга».
12 ноября 1993 года вышел указ Президента Республики Казахстан «О введении национальной валюты Республики Казахстан». Что, кстати, позволило государству также начать формирование и полноценного банковского сектора.
15 ноября 1993 года тенге вошли в обращение. С тех пор этот день считается официальным Днем национальной валюты. Сегодня тенге является экономической основой независимости, символом суверенитета, полновесной частью новейшей истории и будущего Казахстана.
Поздравляем с профессиональным праздником работников финансовой системы!
@nur_otan
