Тұған елге тағзым. 5 күн

Біздің бүгінгі күніміз Отырар төбе қалашығындағы археологиялық қазбалардан басталды. Сол кездегі басты мақсатымыз археологтармен берілген шахристан аумағын толықтай зерттеу болды. Жұмыс ауыр болғанымен, ауа-райының ыстығына қарамастан біздің жұмыс күшіміз әлсіреген жоқ.Археологтардың көмегімен қазбалардың жаңа тәсілдерін игеру оңай болды.Берілген аймақтан табылған археологиялық заттай деректер өткен тарихымызды тағыда жаңаша зерделеуге мүмкіндік туғызды. Қазіргі уақытта Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Бас ғылыми қызметкері, академик К.М. Байпаковтың басшылығымен құрылған жобаның аясында өз зерттеуімізді жүзеге асырдық. Жобаның басты мақсаты қазақ-жоңғар соғысынан қалған тарихи жәдігерлерді анықтау және оның себеп-салдарын саралау болып табылады.
Енді біз археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесін бірнеше топқа алып қарастыруымызға болады:
Біріншіден, сол кездегі үйлердің жоспарын, ішіндегі жағдайы мен қолданылатын заттардың түрлерімен таныстық;
Екінішіден, жуынатын бөлмелердің орналасуы және судың шығуын қамтамасыз ететін жүйелердің, нанды арнайы тандырларда пісіргендігіне көз жеткіздік;
Үшіншіден, ислам діні келгеннен кейінгі адамды жерлеу амалдары өзгерістерге енгендігін анықтадық;
Төртіншіден, қазақ-жоңғар соғысында шабуыл жасау үшін арналған оқ-тас лақтыратын сақпан болды және қорған бой көтерген.
Қорытындылай келе, бүгінгі Отырар төбеде жүргізілген археологиялық қазба жұмыс барысынан болашақта үлкен көлемде жоба даярлайтынымызға сеніміміз мол!
Бүгінгі бесінші күніміз Отырар қаласынан 5 шақырым жерде орналасқан Марданкүйік қаласына сапардан басталды. Марданкүйік те Алтынтөбе, Көктөбе, Құйрықтөбе қалашықтары сияқты Отырар оазисінің территориясына енеді. Қаланың тарихы І - VIII ғасыр аралығын қамтиды. Археологтардың пайымдауынша, қаланың негізі қаңлы мемлекеті кезінде қаланды. Ал қаланың гүлденуі Қарахан мемлекетімен тұспа – тұс келеді.
Марданкүйікте археологиялық қазба жұмыстары осыдан екі жыл бұрын басталған. Біз қаланың шахристан бөлігінде зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Негізінен бұл зерттелген ғимараттар I – VIII ғғ. аралығындағы жартылай көшпелі халықтардың тұрғын үйлері болған. Нәтижесінде, сол кезге тән көптеген жануарлар сүйегі мен қыштан жасалған ыдыстар табылды. Қыш ыдыстар өте қарапайым геометриялық ою – өрнектермен өрнектелген. Қиратылған үйлердің орнына үнемі жаңа үйлер тұрғызылып отырған. Үйлердің кірпіштері тігінен және көлденеңінен орнатылған. Қаладағы егіншіліктің дамығандығы ирригацияның жүйелі дамуынан және арпа өнімдерінің қалдықтарының табылуынан байқалады. Яғни, осы аумақта тек сауда емес, сонымен қатар егіншілік дамыған. Қорытындылай келе, әлі көптеп зерттелмеген Марданкүйік те , Отырар секілді аса көрнекті ,тарихи орын болып табылады.
