Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұған Елге Тағзым. 3 Күн

Біздің үшінші күніміз Отырар қаласына саяхаттан басталды. Отырар шынымен де, атақты адамдардың отаны болып табылады. Осы қалада көптеген атақты адамдар дүниеге келген, солардың бірі, әрі бірегейі Шәмші Қалдаяқов. Сол тұлғаға арнап, Отырар қаласында мектеп гимназиясы және мұражайы бар. Қайталанбас ғажайып таланттың рухани құн¬дылықтары осы мұражайда жиналған. Бұл мұражайдың ішінде Шәмші Қалдаяқовтың кітаптарын, тұңғыш музыкалық аспабын және отбасылық фотосуреттерді кездестіруге болады. Біз, оқушылар, Шәмші Қалдаяқов жайлы білімімізді толықтырдық. Білімімізді жетілдіру мақсатында осындай көрмелерді біздің қаламыздағы мектептерімізде де болса екен дейміз.
Келесі кезекте біз Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мүражайын тамашаладық. Бұлмұражайқаланыңаса көрнектіорындарыныңбірі. МұндаОтырарқаласынанбірнешеғасырларбұрынтабылғанқұндыжәдігерлерсақталған. Солардыңбірі, ерекшежәдігер- Жоңғаршапқыншылығыкезеңіндеқолданылғанқару-жарақтар. Отырардыжаулапалутарихындаерекшебірорыналған – оқтаслақтыратынсақпан (катапульта). Сонымен қатар, бұл мұражайда қазақ халқының жаңа дәуір кезеңіне жататын фотоэкспонаттар және жарлықтар жинақталған.

«Отырар бабы- отыз баб, Бабтардың бабы – Арыстан баб»,-демекші мұсылман елінің аса көрнекті дінтанушысы мен ислам дінінің уағыздаушысы, Қожа Ахмед Йассауидің ұстазы Арыстан баб кесенесі экспедициямыздың келесі нысанына айналды. Арыстан баб отыз үш дінді білсе де, исламды өз діні ретінде қабылдаған. Бұл кесене 14ғасырда ұлы Ақсақ Темірдің бұйрығымен салынған еді. «Мың рет оқығанша, бір рет көру артық», дегендей Арыстан баб кесенесіне зиярат ету бізге үлкен өнеге болды. Дініміздің шыққан тегін біле отырып, келешек ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз екендігіне сенімдіміз. Осыған сәйкес, болашақта Қазақстан жеріндегі кесенелерді зерттеп, ғылыми - жобалар жазу ойымызда бар.
Отырар ауданы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан, тарихи-мәдени ескерткіштерге бай өңір. Бүгін өлкені өз көзімізбен көргенде шынымен де, таң қалдық. Себебі, ХІ ғасыр өтсе де, көптеген құнды заттар сол күйінде сақталып қалған. Сақталған жәдігердің бірі - көне Отырар қаласындағы «Шығыс моншасы». Монша ХІІІ-XIVғғ. негізі қаланды. Оның ішінде ыстық бу жіберу жүйесі болғандығын археологиялық қазба жұмыстары дәлелдеп отыр.
Х-XI ғғ. әлеуметтік жағдайға байланысты, халық кедейшілік пен молшылықта тұрған. Осыған орай, ауқатты адамдар қорғанның ішінде өмір сүрді, яғни олардың үйлері қазіргі заманауи үйлер іспеттес, дәретханалары үй ішінде канализациялық жүйелер арқылы орналасқан. Ал қарапайым халық қаланың сыртында тұрды. Көбінесе егін шаруашылығымен, мал шаруашылығымен және шеберханаларда кірпіш өндірумен айналысқан. Ол қыштарқазіргі заманауи қыштрадың өлшемімен дәлме-дәл келіп тұр. Алайда, сапасы жағынан ескі қыштар қазіргі кездегі қыштармен салыстырғанда өте жоғары. Сондай-ақ XIV-XV ғғ. орта ғасырлық мешіттердің мәдени қабаттар арқылы «Отырар төбеде» орналасқандығын қазба жұмыстары көрсетіп отыр. Көптеген мәлімет білгенімізбен тарихи сырын ашпаған мағлұматтар жетерлік. Алдағы екі күнде «Отырар төбесін» зерттеу жоспарымызда бар.

0
0
761

Осы тақырып бойынша

Тұған Елге Тағзым. 3 Күн - Yvision.kz