Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Сырым" БПҰ мүшелерімен кездесуі өткізді

"Nur Otan"партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үмiткерлер "Сырым" БПҰ мүшелерімен кездесуі өткізді. Кездесуде кандидат М.Махауова жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде білім беруді, денсаулық сақтауды, жолдарды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта құру, күрделі жөндеу, 190-нан астам жұмыс орнын құру бойынша жобаларды жүзеге асыру бойынша айтып өтті. Үміткер, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы М.Дияров білім саласы бойынша айтып,инклюзивті біліммен қамтуды 100%-ға дейін ұлғайту, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 150 орындық оңалту орындарын салу бойынша партия мүмкіндік жасайтынын жеткізді. Б. Дюсенов медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында партияның жоспарларын тоқталса, үміткер Д. Нұрашева партияның тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту мақсатында алдағы уақытта облыстық туристік объектілер мен киелі жерлерді 3D қартасына енгізіп,туристік маршруттарды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайтындығын айтып өтті.

Үміткерлер ел игілігі үшін осындай ауқымды жұмыстарды мақсат еткен "Nur Otan "партиясын қолдауға шақырды.

3
0
132

Осы тақырып бойынша