Сырым ауданының активімен кездесті
2019 жылдың 22 қазан күні Агенттік өкілі мен Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі Сырым ауданына жұмыс сапары барысында аудан активімен кездесу өткізді.
Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы А.А.Саркулов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет, Агенттік өкілі А.Т.Бердалин, Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі Ы.Тұрсынзада және мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет «Transparensy International Kazakhstan» қоғамдық қоры жүргізген Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі мониторингінің Сырым ауданы бойынша нәтижелерімен таныстырды.
Сонымен қатар, А.Т.Бердалин мен Ы.Тұрсынзада сыбайлас жемқорлық тақырыбында сөз қозғап, жеке тұлға бойында қалыптасатын парасаттылық және әділдік сияқты құндылықтарға тоқталып өтті.
