Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сырым ауданындағы жол сапасы бақылануда

2020 жылдың 07 қазанда жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары, БҚО жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының өкілдері, «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық кеңсесі, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп Сырым ауданы бойынша жүргізіліп жатқан 5 объектісіндегі жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Сырым ауданы Тоғанас ауылына кіре беріс жолына күрделі жөндеу учаскесінде жол жабыны негізінің қалыңдығы талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Сонымен қатар, барлық нысандар бойынша орындалған жол-жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру мақсатында БҚО бойынша «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК филиалының мамандарымен тиісті сараптама үшін қоспалар мен керндер алынды.

Осы жобаның міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

1
0
243

Осы тақырып бойынша

Сырым ауданындағы жол сапасы бақылануда - Yvision.kz