Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сырлы сұхбат»

Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясыфилиалының ұйымдастыруымен «Сырлы сұхбат» аясында Мұнайлы ауданының мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі мен жеке үлесі бар, мәдениет саласын жетілдіруге белсене қатысқан ардагеріміз Балсұлу Қондыбай Әділбекқызымен онлайн кездесу өтті.

Сұхбат барысында Б.Қондыбайдың еңбек жолы мен жеке өмірі жайлы сөз қозғалды.

Б.Қондыбай 2007 жылдың тамыз айынан облыстық мәдениет басқармасының ұсынысымен жаңа Мұнайлы ауданына мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Іргесі қаланған жаңа ауданның мәдениет саласын тез арада білгірлікпен ұйымдастырып, талантты жастарды өз жанына топтастыра білді. Соның нәтижесінде аудан өнерпаздары «Маңғыстау жұлдыздары» облыстық байқауында Бас жүлдені иемденді. 2010 жылы «Үздік мәдениет үйі», 2012 жылы «Үздік ауыл клубы» байқауларында І орынды қанжығасына байлады.

Бұл Б.Қондыбайдың өз ісінің шебер ұйымдастырушысы екенін көрсетеді. Санаулы бес жылдың ішінде Б.Қондыбай 4 халықтық ұжымды қалыптастырып, ауданда өткен барлық мәдени шаралардың өз мәнінде өтуіне жетекші бола білген басшы. Маңғыстау ауылының 50 жылдығына орай ауыл тарихынан үзік сыр берер «Ырысы тасыған ауылым» атты еңбегі жарық көрді.

Ол ауданның, облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын, облыстың өнерлі жастарына үлгі болар тұлға. Балсұлу Әділбекқызы - білікті басшы, кәсіби өнер адамы, асыл жар, аяулы ана, шәкірт тәрбиелеген майталман ұстаз.

0
0
223

Осы тақырып бойынша

«Сырлы сұхбат» - Yvision.kz