Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сырға салу

Үйлену тойы - әрбір адамның өміріндегі ең басты, маңызды және жүрекке жылы тиетін жарқын оқиғалардың бірі. Қазақстанда осындай үлкен көлемдегі той, бірнеше кезеңнен өтіп, қазақ халқының мәдениетінің терең мағынасын көрсетеді. Тойды өткізу кезеңі барлық салт-дәстүрді қамтиды және ерекше мәнге ие.

Тойдың басы - «құдалықтан» басталады. Қалыңдықтың отбасымен танысу үшін, арнайы белгіленген бір күні күйеу жігіттің ата-анасы мен жақын туыстары 7-8 адам болып құда түседі. Бұл кезде алда болатын тойдың барлық сұрақтары шешіледі. Қалыңдықтың ата-анасы дәстүрлі қазақ тағамдарымен кең дастархан жайып, сыйлықтарын дайындайды. Сөзді күйеу жігіттің туыстары арасындағы - «бас құда» бастап, өзін және келген қонақтарды таныстырады. Содан кейін қонақтар әңгіме дүкен құрып отырғанда, бас құда оңтайлы сәтті пайдаланып қыздың ата-анасынан келісімдерін сұрайды. Келесі міндеттің бірі - үйлену тойына байланысты келіссөздер жүргізу. Қалыңдықтың ата-анасы өз келісімін берсе, «құдалық» басталады.

Ереже бойынша бұл шара жас жұбайлардың қатысуынсыз өтеді. Бірақ қазіргі заманғы қазақтар сырға салу атты рәсімді жасауда, сондықтан күйеу жігіт пен қалыңдықтың болуы ерекше маңызды. Сондай-ақ, қазақ отбасыларында «құдалыққа» арнайы асабаларды шақырып, кешті салтанатты әрі кәсіби түрде өткізу көптеп кездеседі. Сырға салу рәсіміне келетін болсақ, бұл екі жақтың да келісім бергенін білдіреді. Қалыңдықты асаба мен әдемі әуен арқауымен екі жеңгесі алып шығады. Күйеу жігіттің анасы болашақ келініне өзімен бірге алып келген сырғасын салып, қалыңдықтың жаңа мәртебеге ие болғанын көрсетеді. Қалыңдықтың барлық туыстары мен қызды алып шыққан екі жеңгесіне сыйлықтар беріледі. Барлық тартылған сыйлықтар, құдалықтың сәтті өткендігін дәлелдейді.

Бұдан кейінгі үйлену тойының басқа да кезеңдері жайлы, біздің алдағы мақалаларымыздан оқи аласыздар.

 
0
0
2553

Осы тақырып бойынша

Сырға салу - Yvision.kz