Ұсыныс жинау бойынша кездесу өтті
Жезқазған қаласына қарасты Кеңгір кентінің тұрғындарымен азаматтардың ұсыныс, талап-тілектерін жинау бойынша кездесу өтті.
Кездесуде тұрғындар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, өздерін толғандырған сауалдары мен ұсыныстарын жеткізді. Барлық ұсыныстар облыстық партия филиалы тарапынан тіркеуге алынды.
Басқосуда аталмыш елді мекен тұрғындары инфрақұрылым, экономика, спорт мәселелеріне қатысты ұсыныстары мен тілектерін жеткізді. Жетекші партияның өкілдері аталмыш ұсыныстардың бәрі де ескерілетінін, алдағы уақытта айтылған кемшіліктер бойынша нақты тапсырмалар болатынан айтты.
#AMANAT
📷
📷
📷
