Сынақтан өтіп, бірге жеңеміз!
Сынақтан өтіп, бірге жеңеміз! Мені округ әкімі ретінде таңдаңыз және алдағы төрт жылда: Тұрғындардың әл-ауқатын және олардың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында ауылдық округ экономикасының белсенді дамуына ықпал ететін боламын; Ауыл шаруашылығын дамыту есебінен ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін ірі қара малдың санын 3,5 мың басқа, жылқыларды 3,2 мың басқа дейін көбейтеміз, жаңа жұмыс орындарын құрамыз; Сонымен қатар Ақмарал ауылындағы интернет және ұялы байланыс қызметтерінің сапасын жақсартуға қол жеткіземін. Аққайнар ауылының ішкі жолдарына орташа жөндеу жүргізуге , "Жаңаүлгі – Жамбыл – Берел" автомобиль жолдарының 51-65,3 шақырымына, Ақмарал ауылына кіреберіс жолына орташа жөндеу жүргізуге; Қызылжұлдыз ауылындағы мектепке ағымдағы жөндеу жүргізуге күш саламын. Ауыл туризмін дамытуға - 10 қонақ үй ашуға, ат және жаяу туристік маршруттарды әзірлеуге; Қайыңды Қызылжұлдыз және Ақмарал ауылдарындағы медициналық пункттерді күрделі жөндеуден өткізу арқылы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға; Ауылдың танымал тумаларының мәдени-рухани мұрасын насихаттауға үлес қосамын.
