Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сынақтан өтіп, бірге жеңеміз!

Сынақтан өтіп, бірге жеңеміз! Мені округ әкімі ретінде таңдаңыз және алдағы төрт жылда:  Ауыл шаруашылығын дамыту есебінен ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін ірі қара малдың жылқының санын арттырып, жаңа жұмыс орнын құрамыз;  Өрел ауылында көше жарығын орнату арқылы ауылдарымызды абаттандырумен айналысамын;  Өрел, Еңбек және Аршаты ауылдарындағы мектептерге ағымдағы жөндеу жүргізу арқылы білім беру сапасын жақсарту үшін барлық күш-жігерімді жұмсаймын;  Сондай-ақ Аршаты ауылындағы ауылдық клубқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргіземін.  Өрел ауылының ішкі жолдарына орташа жөндеу жүргізуге, "Аршаты ауылына кіреберіс" автомобиль жолдарын жөндеу арқылы инфрақұрылымды жақсартуға;  Аршаты ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта құруға және Өрел ауылындағы (шекара бөлімшесі) БМС орнату арқылы таза ауыз сумен қамтамасыз етуге;  Еңбек ауылында су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге күш саламын.  Туризмді дамытуға – Өрел ауылында (Хан Сарайы ЖШС) демалыс базасының құрылысын жүргізуге;  Кәсіпкерлерді қолдауға – бұқашықтарды "Мөлдір" ШҚ бордақылауға қоюға;  Ауылдың танымал тумаларының мәдени-рухани мұрасын насихаттауға үлес қосамын.

0
0
226

Осы тақырып бойынша

Сынақтан өтіп, бірге жеңеміз! - Yvision.kz