«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРМЕУ» атты дөңгелек үстел отырысы
2017 жылдың 8 қараша күні «Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтарға жол бермеу» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Хайруллин Б.М., Құқықтық статистика және есепке алу Комитетінің БҚО бойынша басқармасының прокуроры Жұмахметова Ж.С., қалалық және аудандық инспекция бөлімдерінің басшылары қатысты.
Дөңгелек үстел қатысушыларына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірілді.
Сонымен қатар, шара кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіліп, қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
