Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтарға жол бермеу

2015  жылғы 27 шілдесінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында «Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтарға жол бермеу» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Департамент қызметкерлері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестіктің филиалының өкілдері, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша басқармасының прокуроры және инспекцияның қызметшілері қатысты.

Шараны инспекция басшысы Ғ.Сахипов ашып, мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жүргізілген жұмыстар жөнінде инспекцияның бас маман-заңгер А.Кадырова баяндама жасады.

Семинарда 100 нақты қадам ұлт Жоспарының бірінші институциональды рефомасы бойынша Департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш,«Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру» тақырыбында Департаменттің консультанты Б.Хайруллин ақпараттандырды.

Семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлық профилактикасы, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, апта сайын сала бойынша мамандарды шақыру арқылы аппараттық оқытулар өткізу жөнінде пікір-алмасты.

Шара соңында қатысушылар арасында сауалнама жүргізіліп, CALL-CENTER 1494 қызметі жөнінде және жемқорлықтың алдын алу бойына әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

0
0
651

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылықтарға жол бермеу - Yvision.kz