Сыбайлас жемқорлықтың және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу профилактикасы
2019 жылдың 11 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай Казталов ауданы Жалпақтал ауылында «Сыбайлас жемқорлықтың және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу профилактикасы» атты семинары ұйымдастырылды.
Шараға аудандық сотының судьялары мен қызметкерлері, аудан прокуроры, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаты, ауылдық округ әкімдері, полиция мен төтенше жағдайлар бөлімінің басшылығы, білім беру саласы өкілдері, ауыл тұрғындары қатынасты.
Семинарды жүргізген Казталов ауданы №2 аудандық сотының төрағасы А.С.Бижанов қатысушыларды сот саласында жүргізіліп жатырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы таныстырды.
Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысып, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын, қоғамда парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру мәселелері, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы, басшылардың дербес жауапкершілігі туралы ақпараттандырды.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы С.М.Молдашев партияның жмқорлықтың алдын алу стратегиясының орындалуы туралы, соның ішінде мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері партияның қатаң бақылауында екендігін атап өтті.
Шара пікір-алмасумен аяқталды.
