Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылуда
Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде маңызды заңнамалық шаралар қабылдануда.
Ол үшін «Ақжайық – Адалдық Алаңы», «Адал көмек», «PBI», «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ», «Сапалы жол – Адалдық алаңы», «Адал жол» және т.б. жобалар жүзеге асырылып, «ақпараттық-ағарту» жұмыстары үйлестірілуде.
2020 жылы облыс бойынша қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 528 790 адамның қатысуымен 1 725 іс-шара өткізілсе, ақпараттық-ағартушылық штабымен 9 500адамның қатысуымен 140-қа жуық кездесулер ұйымдастырылды.
Агенттік бастамасымен «Еріктілер жылы» аясында «Адал көмек» жобасы іске қосылды. Әр түрлі сала өкілдерімен 300 онлайн тегін құқықтық кеңестер беріліп, оған 1000-нан астам тұрғын жүгінді, 120-дан астам тұлға ерікті ретінде қатысты.
Қоғам тарапынан қолдау тауып отырған жобалардың бірі – «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобасы болып отыр.
Жалпы, 2020 жылы жобалық кеңсе қоғамдағы тұрмыстық жемқорлықты жою, мемлекет аппаратына сенімді арттыру мақсатында 300-ден аса әр түрлі сала өкілдерімен кездесулер, 145-тен аса мониторингтер, 15 брифинг, 60 тікелей эфир, 55 онлайн қабылдаулар ұйымдастырды.
«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасымен 57мониторинг жүргізіліп, 53 кемшілік анықталып, бүгінгі таңда олардың 53-інемесе 100% орындалды.
Өскелең ұрпақтың бойында парасаттылықты қалыптастыру мақстатында «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» жобаларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізілуде.
«Саналы ұрпақ» жобасы аясында 4 жоғары оқу орындарында және 34 колледжде жобалық кеңсесі жұмыс жасайды, клубтың 1000-нанаса мүшесі бар. «Адал Ұрпақ» жобасы ерікті клубтары облыс бойынша 307 мектепте құрылған. Қатарында 5 800-ден астам оқушылар бар.
БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
