Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу – басты назарда

2019 жылдың 27 желтоқсан күні облыс әкімінің орынбасары С.Р.Егізбаевтің төрағалығымен Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссиясының отырысы өтті.

Күн тәртібіне 2018-2019 жылдардағы Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері шығарылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы қызметтің БҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет комиссия отырысына қатысушыларды ағымдағы жылы Департаментпен атқарылған жұмыстар нәтижелерімен таныстырды.

Н.И.Самет өз сөзінде «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілерінің болуы мемлекеттік органдар мен мекемелер басшылары тарапынан профилактикалық жұмыстарды күшейтуді талап етеді. Бұл, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізуді қажет етеді, бүгінгі таңда бұл формальді түрде жүргізіліп жатыр» - деп атап өтті.

Жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бірі болып бірінші басшылардың өздерінің ЭЦҚ-ын бухгалтерлеріне қаржылық құжаттарды орындауға беруі болып табылады.

Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қаржы жұмыстары секторының меңгерушісі Нигметова 3,6 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған. Ол жалақыны, сыйақыны, еңбекке уақытша жарамсыздығы жөніндегі өтемақыларды және іс-сапар шығындарын өзінің карталық шотына шамадан тыс аудару арқылы 4,7 млн.теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған.

Ағымдағы жылы осындай ақша қаражатын жымқыру фактілері үшін Бәйтерек ауданының ТҮКШ бөлімінің бас маман-бухгалтері Илес, Бөкейордасы ауданы жер қатынастары бөлімінің бухгалтері Иманжанова, Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас бухгалтері Жұманиязова кінәлі деп танылып сотталды.

«Барлық жағдайларда да сотталғандар өздерінің басшылары берген жеке ЭЦҚ-ны пайдаланып, қаржылық операцияларды немесе жұмыс дағдысын жасағандары анықталып отыр», - деп атап өтті БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н. И. Самет.

Іс-шара соңында Н.И.Самет келесі ұсыныстарды ұсынды:

- қаржы құжаттарына қол қою кезінде басшылардың жеке ЭЦҚ пайдалану бойынша жауапкершілігін күшейту;

- бағынысты ұйымдар қызметінің бухгалтериясына ревизия жүргізуді және ішкі талдауды ұйымдастыру;

- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жауапты қызметкерлерді оқыту;

- сыбайлас жемқорлық жасаған бұрынғы әріптестерінің үкімдерін жариялау бойынша сот отырыстарына қатысуды тәжірибеге енгізу.

1
0
502

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу – басты назарда - Yvision.kz