Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау»

2017 жылдың 26-28 қыркүйек күндері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторлардың жұмысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және пайда болу жолдарын азайту мақсатында Зеленов, Теректі, Сырым, Қаратөбе, Жаңақала, Жәнібек, Казталов және Бөкейордасы аудандарында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» атты оқыту семинар-тренингі өткізілді.

Семинар-тренинг жұмысына бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері және аудандық әкім аппаратының жауапты тұлғалары қатысты.

Семинар-тренинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің өкілі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидасы түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

 
0
0
770

Осы тақырып бойынша

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» - Yvision.kz