Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ҚР ҚПК 200 бабы бойынша енгізілген ұсыныс қарастырылды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен кез-келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында күшейтілген профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда.
Қылмыстық істерді тергеудің қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың туындауына әкелетін жағдайларды болдырмау мақсатында ұсыныстар беріледі, сонымен қатар мемлекеттік органдардың ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың басты аспектілерін түсіндіру және проблемалық сұрақтарды талқылау мақсатында кездесулер ұйымдастырылады.
2019 жылдың 7 тамыз күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И.Саметтің және Орал қаласы әкімінің орынбасары С.Е.Доляның қатысуымен Орал қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен бөлім басшылары арасында кездесу өткізілді.
Кездесуге негіз «Орал қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ бухгалтеріне қатысты аяқталған қылмыстық іс бойынша жолданған ұсыныс болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет өз сөзінде «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілерінің болуы мемлекеттік органдар мен мекемелер басшылары тарапынан профилактикалық жұмыстарды күшейтуді талап етеді. Бұл, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сапалы жүргізуді қажет етеді, бүгінгі таңда бұл формальді түрде жүргізіліп жатыр» - деп атап өтті.
Сонымен қатар, қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.
