«Сыбайлас жемқорлықсыз ел» тақырыбы аясында саяси кеңесі Бюросы мүшелерімен онлайн отырыс өтті
13 қараша күні «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз ел» тақырыбы аясында саяси кеңесі Бюросы мүшелерімен онлайн отырыс болып өтті. Отырыс барысында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шаралары талқыланды. Ғасыр дертіне баланған сыбайлас жемқорлық елдің әлеуметтік – экономикалық дамуын, нарықтық бәсеке мен өңірлерге инвестициялар тарту процесін тежейді. Міне, сол себепті де Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Онлайн жиынның қонағы ретінде – әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, «Әдеп» жобалық кеңесінің жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Нұғыманов Еркебұлан Еркінұлы өз баяндамасын ұсынды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тәуелсіздік Сарайы" МКҚК директоры Рыскалиев Болат Құлмұханұлы, ЖК "Үміт" директоры Жарова Майра Жарқызы, №37 мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тілектесқызы, №11 қалалық емхананың бас дәрігері Сагындыков Жаңалық Карипуллаұлы, ЖК "Жапаров" директоры Жапаров Қуат Қасымбайұлы қатысып өз пікірлерін білдірді.
