ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Сыбайлас жемқорлықпен күрес бас партияның басым бағыттарының бірі

Жиында Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің «Nur Otan» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2020 жылға арқарған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Аталған отырысқа «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов та қатысып отырды.

Жамбыл ауданында соңғы жылдары қай салада болмасын мемлекеттік қызмет түрі өсіп келеді. Ал, көрсетілетін қызметтің сапасы қандай дәрежеде? Осы мәселе төңірегінде баяндама жасаған Жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы өткен жылға атқарылған жұмыстарға толық тоқталып өтті. Сондай-ақ, кеңес мүшелері тарапынан жасалған зерделеу қорытындылары бойынша анықтама ұсынылды. Өз кезегінде кеңес құрамынан тиісті талқылаулар жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған тиісті қаулылар қабылданды.

Жалпы қоғамдық кеңес тұрғысынан 2015 - 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында арнайы жоспар бекітіліп, соған сәйкес мемлекеттік органдармен бірлесе отырып тиісті жұмыстар жүргізілуде.