«Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларының сақталуы»
2019 жылдың 4 шілде күні «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі басшысының орынбасары О.Насимулин және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері ҚР АШМ АӨК МИК Орал қалалық және аудандық аумақтық инспекция басшылары мен қызметкерлері, ведомстваға бағынысты мекеме басшылары мен қызметкерлері, КазИнМетр БҚО филиалы ұжымдарымен кездесу өткізді.
Мобильді топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары, Әдеп нормаларының сақталуы жөнінде түсіндірді.
