ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен «Қысқы спорт түрлері бойынша ОБЖСМ» қызметінде мониторинг

2021 жылдың 2 ақпанында «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Саметтің қатысуымен «Қысқы спорт түрлері бойынша ОБЖСМ» МКҚК қызметінде жүргізілген мониторинг қорытындысы қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Н.Самет ұйым қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы туралы ережені әзірлеуді, сонымен қатар ұйымның ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпарат орналастыруды ұсынды.

Мониторинг барысында «Қысқы спорт түрлері бойынша ОБЖСМ» МКҚК қызметінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралардың орындалуы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бақылауында болады.