Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Бөрлі ауданында жемқорлықтың алдын алу бойынша шара өтті

2019 жылдың 13 тамыз күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И.Саметтің қатысуымен Бөрлі ауданының әкімдігінде жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Аталған кездесу барысында ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы саласында орын алған аяқталған қылмыстық істер бойынша сыбайлас жемқорлықтың туындауына әкелетін жағдайларды болдырмау мақсатында жолданған ұсыныстар қаралды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет өз сөзінде «Облыстың аудандарына шаққанда анықталған жемқорлық қылмыстары стистикасына сәйкес, соңғы екі жылда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ең нашар көрсеткіш Бөрлі ауданында екендігін атап өтті. Бұл ауданда 2018 жылы 28 құқық бұзушылық орын алып, 4 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде Ақсай қаласының бұрынғы әкімі Жармұхамбетов, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Шарипов пен оның орынбасары Исамалиев бар. Ағымдағы жылы 8 қылмыс тіркеліп, 4 адамға қатысты іс қаралуда»-деп атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында жергілікті атқарушы органдар қызметінде транспаренттілік пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралар өткізу, жемқорлардың әріптестерін сот үкімін жариялау отырыстарына қатыстыру ұсынылды.

Шара соңында Н.И.Самет қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.

1
0
318

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Бөрлі ауданында жемқорлықтың алдын алу бойынша шара өтті - Yvision.kz