Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет колледж директорларымен онлайн кездесу өткізді

2020 жылғы 12 тамызда «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б. Хайруллин, білім басқармасы басшысының орынбасары З. Гумарова, облыс колледждерінің директорлары қатысуымен онлайн форматта облыстағы білім гранттарын бөлу саласындағы мониторинг қорытындылары қаралды.

Жоғары аграрлық-техникалық колледжі директоры С. Мұхамбеталиев пен Құрманғазы атындағы музыкалық колледжі директоры Н. Сертековтің мониторинг барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі шаралар туралы есептері тыңдалды.

Кеңес барысында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Л. Утарбаева оқудан шығарылған бюджеттік негіздегі студенттерден ақша қаражатын өндіріп алу, сонымен қатар қайтару механизмінің жоқтығы мәселесін атап өтті.

Өз кезегінде білім басқармасы басшысының орынбасары З. Гумарова бұл мәселені Білім министрлігі басшылығының алдында көтеретінін хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша Б.Хайруллин сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты күшейтуді ұсынды. Білім беру гранттарын бөлу саласындағы мониторинг барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі шаралардың орындалуы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ерекше бақылауында болады.

1
0
166

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет колледж директорларымен онлайн кездесу өткізді - Yvision.kz