Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға байқау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды.

Байқау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған.

Байқауға қатысу үшін  2017 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар циклдері қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді.

Материалдар казақ немесе орыс тілдерінде төмендегі номинациялар бойынша қабылданады:

«Үздік телевизиялық жұмыс»;

«Үздік баспа жарияланымы»;

«Үздік интернет жарияланымы».

Байқау комиссиясы қатысушылардың материалдарын 2017 жылдың 1 маусымын қоса алғанға дейінгі мерзімдеқабылдайды. Байқаудың нәтижесі құжаттар қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін қорытындыланатын болады.

Байқаудың нәтижесін қорытындылау кезінде келесі аспектілер ескерілетін болады:

- материалдардың өзектілігі және көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;

- мәселені талдаудың жаңашылдығы мен тереңдігі, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсері;

- мазмұндау стилі;

- авторлық тұжырымдаманы беру мәнері және дербестігі.

Байқауға қатысу үшін материалдар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, , Абай даңғылы, 33а, 12-қабат,1205 кабинет, тел.:+7 (7172) 753-408, сот: +7701 437-52-44, эл.пошта: [email protected].

БАҚ өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға байқау туралы Ережемен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: http://sko.kyzmet.gov.kz/kk/news/kazakstan-respublikasynyn-memlekettik-kyzmet-isteri-zhne-sybaylas-zhemkorlykka-karsy-kimyl-10.

 
0
0
385

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға байқау - Yvision.kz