Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілерге әдістемелік көмек

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен жергілікті атқарушы органдарға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету жалғасуда.

2017 жылғы 24 тамызда Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы О.Н. Брюнина «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi ұжымына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сапасын арттыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және ішкі талдауды жүргізу тәртібі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың бірі болып табылатын ішкі талдау жүргізуді маңыздылығы ерекшеленді. Түсіндірме барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, мониторинг жүргізудің үлгілік қағидаларын түсіндіруге ерекше мән берілді.

 
0
0
303

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілерге әдістемелік көмек - Yvision.kz