Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мемлекеттік мекемелерде

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың                                                              2 маусымында Маңғыстау облысының Дін істері басқармасы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасында мемлекеттік қызметті өткеру және мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинарлар өткізілді.

Семинарлар барысында алғашқы болып аумақтық Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Ербол Жұмабай іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау методикасы, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары  бойынша түсіндіріп өтті.

Өз кезегінде Департаменттің  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің бас маманы Сұлтан Саханның Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша баяндамасы  тыңдалды.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, тақырыптық  бейнероликтер көрсетілді.

0
0
438

Осы тақырып бойынша