Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия – бизнес тірегі
Ағымдағы жылдың 1 сәуірде бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті (бұдан әрі - Департамент), индустриялық-инновациялық даму, кәсiпкерлiк және туризм басқармаларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мен осы саладағы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар өтті.

Департамент қызметкерлері 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі мен қылмыстық Кодексіндегі өзгерістермен таныстырып өтті. Сонымен бірге, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін құрылған «СҚО кәсіпкерлігін қорғау» және сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңы сайттары көрсетілді.
Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің облыстық басқармасының аға прокуроры Г.Ұ. Кадралина жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы айтып, 2014 жылы мен 2015 жылдың бірінші тоқсандағы мемлекеттік қызметкерлерінің арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар статистикасына талдау жасады.

Департамент пен облыстық прокуратура қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуы, азаматтардың өтініштерін қарау жұмыстары, мемлекеттік қызметтердің сапасы, электронды үкімет, азаматтардың қабылдауын ұйымдастыруы, сенім телефондардың жұмысы жайлы және тағы да басқа сұрақтарыға жауап берді.
Жоспарға сәйкес келесі кездесуде индустриялық-инновациялық даму, кәсiпкерлiк және туризм басқармаларымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту туралы сұрақтар талқыланады.

