сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар атты семинар өтті.
2020 жылы 17 тамыз күні Алматы қаласы Жетісу аудандық сотында жетекші маман М.Аюпов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар атты семинар өткізді.
Семинар барысында М.Аюпов сот мамандарына сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет, - деп жеткізді.
Сонымен қатар М.Аюпов, парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс, - деп атап өтті.
Семинар соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әдістері талқыланды.
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты
17 августа 2020 году в Жетысуском районном суде г. Алматы, ведущий специалист суда Аюпов М. провел семинар на тему стандарты по противодействию с коррупцией.
В ходе семинара Аюпов М. сообщил специалистам суда, что коррупция - это одна из болезней, не искорененных до сих пор, где она выросла со временем, где есть большие деньги и публичная конкуренция. Эта болезнь нанесла большой урон нашему молодому государству, а также развивающимся странам. В соответствии с требованиями Закона «О противодействии коррупции» антикоррупционная деятельность осуществляется по различным направлениям. Люди особенно уязвимы перед взяточничеством. Поэтому нам, как обществу, необходимо проявлять активность в предотвращении взяточничества и вымогательства в любой среде.
Кроме того Аюпов М. отметил, что взяточничество отрицательно сказывается на надлежащем функционировании государственных органов, наносит ущерб репутации, нарушает верховенство закона и нарушает конституционные права и законные интересы граждан. Согласно Закону Республики Казахстан «О противодействии коррупции», борьбу с коррупцией должны вести все государственные органы и работающие в ней должностные лица, - сказал он.
В конце семинара были обсуждены методы противодействия коррупции.
Жетысуский районный суд г. Алматы.
