«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметшілердің моделін қалыптастыру»
2017 жылдың 30 қаңтар күні Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметшілердің моделін қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы «Жаңару» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалы өкілдері және табиғатты пайдаланушылар қатынасты.
Шара барысында 2016 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар қорытындылары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы және тағы басқалар талқыланды.
