ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы медиктердің рөлі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы медиктердің рөлі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент), Алматы қаласы  Денсаулық басқармасымен бірлесе отырып, №10 емханада   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы медиктердің рөлі» атты семинар кеңес өткізді.

Семинар кеңеске Департамент қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен емхана ұжымы қатысты.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының  бас маманы Сайлау Оразов Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Әдеп кодексі» заңдарын және Елбасының бес институционалдық  реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселелерін  жан-жақты   түсіндірді.

Емхананың бас дәрігері Роза Тоқмолданова емханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссияның атқарып жатқан жұмыстарын, басшылардың күнделікті азматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау,  емхананың жеке сайты арқылы түрлі сұрақтарға жауаптар мен кеңестер алу, медициналық қызметтер көрсетудің сапалығы мен емделушілердің қанағаттанарлық дәрежесін зерттеу жөніндегі ішкі қызмет аудиті,  Call-орталықтың жұмыстары туралы, «Белсенді емделуші», «Сенім телефоны» т.б. мәселелерді түсіндіріп, слайд арқылы көрсетті.

Бас дәрігердің орынбасары Марат Жүнісов ауруханада атқарылып жатқан жұмыстар мен Елбасының  реформасында нақты көрсетілген халықтың тұрмыс-тіршілігіне, кәсіби мамандарды даярлауда мемлекеттік қызметте ғана емес барлық сала бойынша оның ішінде медицина саласы т.б. мәселелерге  тоқталды.

Әуезов аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Омаров бастауыш ұйымының жетекшісі Дәурен Боқаев өз баяндамасында аудандық «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, жемқорлыққа қарсы университетте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Роль медиков в формирование антикоррупционной культуры

Департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по городу Алматы (далее - Департамент) совместно с Управлением  здравоохранения города Алматы в поликлинике № 10 проведено  семинар-совещание: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы медиктердің рөлі».

На семинар - совещании приняли участие сотрудники Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции по городу Алматы, представители партии «Нұр Отан» и неправительственных организаций и коллектив поликлиники.

Главный специалист Управления профилактики коррупции, Департамента   Сайлау Оразов   разъяснил Антикоррупционную стратегию РК на 2015-2025 годы,   новые законы РК «О государственной службе», «О противодействии коррупции», «Этический кодекс» и первую институциональную реформу Плана нации «100 конкретных шагов» по формированию профессионального государственного аппарата.

Главный врач поликлиники Роза Тохмолданова сообщила  о проводимой  работе комиссии по противодействию коррупции поликлиники, об  ежедневном приеме руководством граждан  по личным вопросам, о консультациях и ответах на вопросы на сайте  поликлиники, о работе  службы внутреннего аудита по изучению степени удовлетворенности пациентов уровню и качеству медицинских услуг, работы Call-центра,  «Активного пациента» и «Телефона доверия».

 

Заместитель главного врача Марат Жунусов отметил что, реформы Президента РК прежде всего нацелены на повышение уровня благосостояния населения, воспитание профессиональных специалистов и не только в области  госслужбы, но и во всех сферах государства в т.ч. и в медицине.

 

Также, на семинаре-совещании выступил  зампредседателя  партии «Нұр Отан» по Ауэзовскому району города Алматы Бахытжан Омаров и  сообщил, что в поликлинике совместно с районным филиалом партии «Нұр Отан» ведется системная работа по антикоррупционному воспитанию.