Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этномәдени және діни бірлестіктердің рөлі

Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен Достық үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этномәдени және діни бірлестіктердің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – қоғамдағы жемқорлық қатынастарына төзбейтін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы үкіметтік емес сектормен өзара қарым-қатынасты тиімді орнату болып табылады.
Аталған шараға СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қоғамдық бірлестіктері, облыс әкімінің аппараты, прокуратура, ҰҚК, ІІД, облыстық білім, мәдениет, діндер істері жөніндегі, тілдерді дамыту жөніндегі басқармаларының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар: жалпы адами құндылықтарды тарату және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы үкіметтік емес бірлестіктердің рөлі туралы; мәдени дәстүрдегі, қазақстандық қоғамның әдебиетіндегі жемқорлыққа төзбеушілік идеялары; әртүрлі конфессиялардың діни нормаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар мәселелерін қозғады.
Талдау және конфессияаралық қатынастарды дамыту орталығының басшысы С.В. Могуновтың, «Дүниежүзі қазақтарының ассоциациясы» ДҚҚ облыстық филиалының төрағасы С.Д. Салмұрзиннің, діни өкілдер наиб имам Қасымхан Қажы, Петропавл және Булаев епархиясының хатшысы Сергий әкейдің, философия ғылымдарының кандидаты С.Қ. Сүлейменованың қызықты да, мағынасы терең баяндамаларының арқасында дөңгелек үстелге қатысушылар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этномәдени және діни бірлестіктердің маңызды рөл атқаратындығынан хабардар болды.
Кездесуге қатысушылар талқыланған тақырыптың көкейкейстілігін және қоғамдағы жемқорлық сипаттарына «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша түрлі нысаналы аудиториялармен келісімді жұмыстың қажеттілігін атап өтті.

Өз кезегінде дөңгелек үстелдің модераторы – мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы С.Н. Зайцева СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 2015 жылға арналған сыбайлас жемқорлық қатерлерін жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат бойынша діндер істері жөніндегі басқарма және Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығымен жүргізілетін бірлескен жұмыстың Жоспарымен таныстырды.
Жиын соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетілді.
