Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кезекті түсіндіру жұмысы жүргізілді
Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бесінші басымдығының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында, 2017 жылдың 16 наурызда Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология Департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және мемлекеттік қызметшілерімен әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі А.С.Жұбаныш, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Экология Департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
А.С.Жұбаныш өз сөзінде басты міндет сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға, қоғамдық бақылауды күшейтуге, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілерін тудыратын себептер мен жағдайларды болдырмауға бағытталғандығын атап айтты.
Сондай-ақ, дөңгелек үстелде тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді.
