Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде түсіндіру бойынша дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 18 мамырда Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Б.Қ. Еңсегенов «Институционалдық қайта құру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында, СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде болып өткен дөңгелек үстелге қатысты. Қатысушыларда «Білім» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-мен өткізілген қоғамдық мониторинг нәтижесімен таныстырды, мемлекеттік органдар алдында тұрған басты міндеттер мен талаптар жөнінде түсіндірме берілді. Сонымен қатар, СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» КАҚ филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментімен атқарылған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы қабылданған іс-әрекеттер мен жолын кесу туралы жұмысының қорытындысы тындалды.
Семинар жұмысына «Сыбайлас жемқорлық әрекеттердің алдың алу Солтүстік Қазақстан облысның комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.А. Тыртышный қатысты.
