Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті
Махамбет аудандық партия филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысыны өтті. Кеңес отырысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Қабенов Абат Құмарұлы ашып жүргізіп отырды.
Комиссия отырысына «Nur Otan» партиясы Махамбет аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Руслан Болатұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері Жандос Жайлыбайұлы, Руслан Әсетұлы қатысып, онлайн ZOOM бағдарламасы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Қайыржан Мажиұлы, Бибігүл Табылдықызы, қатысты. Аудандық партия филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне бірғана мәселе ұсынылады:
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі жұмыстарының есебі тыңдалды.

