Сыбайлас - жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті.
2шілде күні Nur Otan партиясы Ұйғыр аудандық филиалы жанындағы сыбайлас - жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті. Кеңес отырысына облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тойлыбаева Гульнар Қожағұлқызы , аудан әкімі Шухрат Турдахунұлы және аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұров Мәулен Мұқажанұлы қатысты. Отырыс барысында аудан әкімінің орынбасары Алимжан Навердинұлының есебі тыңдалып, Кіші Дихан ауылының ауыз су мәселесі және Шонжы ауылының кәріз жүйесінің жұмыстары жөнінде мәселе қаралды.
