Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғали Қарымсақовтың қатысуымен аталған филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы болып өтті. Жиынға комиссия мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Бірлескен отырысты филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы С.Лаханов жүргізіп отырды.

Жиынның күн тәртібінде Ақшеңгелді ауылдық округінде 2018-2020 жылдары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекет қаржысының тиімді пайдалану мақсатында жүргізілген жұмыстары жөнінде мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған Ақшеңгелді ауылдық округінің әкімі Бейсенов Сержан Зулхайнарұлы көрсетілген мерзімде атқарылған жұмыстар жайлы баяндама жасады. Мұнан соң комиссия мүшелері ауыл әкімінің атқарған жұмыстарын жан-жақты талқылады.

0
0
208

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті - Yvision.kz