Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Бүгін аудандық филиалдың мәжіліс залында "Nur Otan" партиясы Индер аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде партияның «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының" орындалысы туралы кеңес төрағасы Б.Сапаров хабарлама жасады. Сонымен қатар алдағы атқарылатын жұмыстары нақтыланып, ұсыныс пікірлер айтылды.
