Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» және «Аудандық Ветеринариялық станциясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны болдырмау және алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері қатысты.Отырысты «AMANAT» партиясы филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Кадимов Тахир Зинурұлы ашып, жүргізді. Қоғамдық кеңес отырысында түрлі сипаттағы құқық бұзушылықтарды алдын алу және оларды болдырмау бағытында атқарылып жатырған жұмыстар туралы баяндалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Стратегиясында айқындалған міндеттер талқыланып, оларды іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органның құрылымдылық бөлімше басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

0
0
173

Осы тақырып бойынша