Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті

2020 жылғы 14 қазан күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырысқа аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Р.Абилова, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері «Жетіген»БПҰ төрағасының орынбасары, округ әкімінің орынбасары Р.Байбасарова қатысты. Күн тәртібіне орай, «Nur Otan» партиясының 2015-2025 жж. арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асырылуы бойынша атқщарылған жұмыстар туралы «Жетіген»БПҰ-ы төрағасының орынбасары Р.Байбасарова есеп берді. «Жетіген»БПҰ-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында өткізілген жаңа форматтағы семинар-кеңес, кездесулер, дөңгелек үстел т.б.шаралары, БПҰ-да ұйымдастырылған құқықтық ақпарат бұрышы, сенім телефонының жұмыс кестесі, БПҰ-да жемқорлық әрекетке қатысты фактілер болмағаны жайлы есеп берді. Күн тәртібіндегі қаралған мәселені талқылай келе, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы жанындағы аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы қаулы қабылдады.

0
0
199

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті - Yvision.kz