Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес
«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің және партиялық бақылау жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы өткізілді.Отырысты филиал төрағасы А.Сафималиев төрағалық етті.
Отырыс күн тәртібіне сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру бойынша қолға алынған шаралар туралы Жәнібек аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиевтің, сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиевтің, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Арман Искаковтың және аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Мейрамбек Ибатовтың есептері тыңдалды.
Жиынды қортындылаған «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Тахир Кадимов «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Стратегиясында» айқындалған міндеттерді , оларды іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органның құрылымдылық бөлімше басшыларына тиісті тапсырмалар берді.


