ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Партиялық бақылау комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

26 ақпан күні «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес және Партиялық бақылау комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Күн тәртібінде 4 мәселе қарастырылды.

1) Мемлекеттік бюжет есебінен 2020 жылға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы және бюжеттен бөлінген қаржыны уақытылы игерілмей қалуы туралы «Қаржы бөлімі» ММ басшысының есебі.

2)Мемлекеттік қызметкерлер (партия мүшелері) арасында Әдеп кодекісінің сақталуы және олардың арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарған жұмыстары туралы Райымбек аудандық әкімдігінің есебі.

3) Райымбек аудандық «Білім беру» мекемелерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстарының жай – күйі туралы.

4) «Шәлкөде», «Қарасаз» әкімдіктерінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймыл бағдарламаларының орындалу барысы туралы