Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі»

2019 жылдың 29 мамыр күні Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.Өтемісов атындағы БҚМУ базасының «Рухани жаңғыру» залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі» атты іс-шара өткізілді.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің қызметкерлері, «Ақиқат» пікір-талас орталығы ЖҚБ мүшелері және университет студенттері қатысты.

Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының маңыздылығы кеңінен атап өтілді.

Сонымен қатар, қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, жастар өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар ұйымдастыруға өз үлестерін қосатындарын атап өтті.

1
0
674

Осы тақырып бойынша

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – патриотизмнің жаңа түрі» - Yvision.kz