Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының отырысы

2018 жылдың 28 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының әкімі А.Көлгіновтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде облыстық комиссиясының отырысы өткізілді. Аталған жиынның күн тәртібіне екі мәселе шығарылып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Ә. Исақовтың «Батыс Қазақстан облысы аумағында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Р.С.Ақмырзаевтың «Мемлекеттік органдар мен мекемелерде, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жолын кесу фактілері туралы» баяндамалары тыңдалып, онда көтерілген мәселелер талқыланды. Отырыс соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында нақты шешімдер алынып, мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар берілді.

0
0
589

Осы тақырып бойынша