Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқолық.

2021 жылғы 26 ақпан күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудандық филиалдың мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы жанындағы аудандық. Отырысты аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Р.Абилова жүргізді. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев, «Күрті»БПҰ төрағасы М.Жұмамұратов, «Междуреченск»БПҰ төрағасы С.Абдибеков, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Нұрқасымов, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес және аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ауданда ауыл шаруашылығы саласындағы жерлердің пайдаланылуы жағдайы туралы аудандық жер қатынастары бөлімі басшысы Е.Нұрқасымовтың, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру, Партия мүшелерінің Әдеп кодексін, партиялық тәртіпті сақтау, партия Жарғысы ережелерінің орындалуы мен партиялық мүшелік жарнаның толық, уақытылы жиналуы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы «Күрті» БПҰ төрағасы М.Жұмамұратовтың, «Междуреченск» БПҰ төрағасы С.Абдибековтың есептері тыңдалды. Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, талқылай келе, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы жанындағы аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы қаулылар қабылдады.

0
0
201

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқолық. - Yvision.kz